
Туберкулез - бұл өкпе және лимфа түйіндерде ерекше қабыну өзгерістерінің пайда болуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Туберкулез - бұл тек өкпе ауруы ғана емес, сонымен қатар адамның барлық ағзаларының - сүйектердің, бүйректердің, мидың және ми қабықтарының, терінің, көздің және басқа ағзалардың да зақымдануы. Алайда өкпе туберкулезі жиі кездеседі.

Жұқтырудың негізгі көзі - туберкулездің ашық түрімен ауыратын, яғни сыртқы ортаға микобактерияны бөлетін адам.

Бүгінгі таңда әлемде 2 сағаттан 2 күнге дейін туберкулез диагнозын қоюға мүмкіндік беретін экспресс-тест қолданылады.

Туберкулезді уақытылы анықтау халық арасында туберкулез инфекциясының таралуын болдырмайтын және науқастарды емдеуде қолайлы нәтиженің ықтималдығын арттыратын негізгі шаралардың бірі болып табылады.

БМСК деңгейінде туберкулезге қарсы іс-шараларды дұрыс ұйымдастыру туберкулезді анықтау, алдын алу және емдеудегі ең маңызды аспект болып табылады.

Туберкулез емделеді және алдын алуға болады!

Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Фтизиопульмонология орталығы» КМК (бұдан әрі – ФО) БМСК ұйымдарымен «Дөңгелек үстел» өткізу бойынша жұмысты жалғастыруда

04.05.2022 жылы Алатау ауданындағы БМСК ұйымдарымен аудандағы жүргізіліп жатқан туберкулезге қарсы іс-шараларды жақсарту мақсатында «Дөңгелек үстел» ұйымдастырылды.

№ 29 Қалалық емханада, Аудандық медициналық бірлестігі базасында Алатау ауданының бас дәрігерлері, бас дәрігердің орынбасарлары, фтизиатрлар, ФО мониторинг және бағалау бөлімінің мамандары, сонымен қатар фтизиопульмонология орталығының директоры Ж.А.Сапиеваның қатысуымен 2022 жылдың 3 айындағы туберкулездің эпидемиологиялық жағдайы бойынша «Дөңгелек үстел» өтті.

Шара барысында бірқатар өзекті мәселелер талқыланды:

Алатау ауданындағы туберкулездің эпидемиологиялық ахуалы;

ФО мониторинг және бағалау бөлімінің жүргізген мониторинг нәтижелері;

Ересектер мен балалар арасындағы туберкулезге қарсы шаралар;

Емдеуден бас тартудың алдын алу үшін ҮЕҰ-мен өзара әрекеттесу сияқты профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруды жетілдіру мәселелері қаралды.

«Дөңгелек үстел» отырысының соңында Алатау ауданының БМСК медициналық ұйымдары үшін туберкулезге қарсы іс-шаралардың сапасын бағалау көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы шешім қабылданды, мерзімдер белгіленіп, туберкулезді анықтау, диагностикалау, емдеу және алдын алу мәселелері бойынша алдағы жұмыстардың міндеттері мен жоспарлары анықталды.