Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 114 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 наурызда № 10507 тіркелді.
"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 148-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Байқау кеңестері құрылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға қойылатын критерийлер бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
|
Ұлттық экономика министрі |
Е. Досаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
__________ А. Сәрінжіпов
2015 жылғы 12 ақпан
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
__________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 20 ақпан
|
Қазақстан Республикасы |
Байқау кеңестері құрылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы
мемлекеттік кәсіпорындарға қойылатын критерийлер
- Осы критерийлер байқау кеңестері құрылатын, қызметін денсаулық сақтау және білім беру салаларында жүзеге асыратын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың сәйкестігін айқындау үшін әзірленген.
- Тізбеленген барлық критерийлерге сәйкес келу байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынды (бұдан әрі - кәсіпорын) құруға, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда байқау кеңесін енгізуге мүмкіндік береді:
1) кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде 10 000 еселік мөлшерін құрайды;
2) байқау кеңесі бар кәсіпорынды құру жағдайларын қоспағанда, кәсіпорынның штаттық қызметкерлерінің жалпы саны кемінде 100 адамды құрайды;
3) байқау кеңесі бар кәсіпорынды құру жағдайларын қоспағанда, кәсіпорынның ағымдағы қаржы жылының алдыңғы бір жылдағы жылдық жиынтық табысы тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде 30 000 еселік мөлшерін құрайды;
4) байқау кеңесі бар кәсіпорынды құру жағдайларын қоспағанда, кәсіпорынның негізгі қызметінен түсетін табыс жылдық жиынтық табыстың кемінде 70 %-ын құрайды.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономиика министрінің 05.10.2017 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
- Тізбеленген барлық критерийлерге сәйкес келу байқау кеңесі бар кәсіпорынды құруға, сондай-ақ білім беру саласында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда байқау кеңесін енгізуге мүмкіндік береді:
1) кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде 10 000 еселік мөлшерін құрайды;
2) байқау кеңесі бар кәсіпорынды құру жағдайларын қоспағанда, кәсіпорынның штаттық қызметкерлерінің жалпы саны кемінде 100 адамды құрайды;
3) байқау кеңесі бар кәсіпорынды құру жағдайларын қоспағанда, кәсіпорынның ағымдағы қаржы жылының алдыңғы бір жылдағы жылдық жиынтық табысы тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде 10 000 еселік мөлшерін құрайды;
4) байқау кеңесі бар кәсіпорынды құру жағдайларын қоспағанда, кәсіпорынның негізгі қызметінен түсетін табыс жылдық жиынтық табыстың кемінде 60 %-ын құрайды;
5) байқау кеңесі бар кәсіпорын құру жағдайларын қоспағанда, кәсіпорынның оқытудың күндізгі нысанында білім алушылардың жалпы саны кемінде 960 адамды құрайды.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК