Құрметті ардагерлер!
Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесімен құттықтаймыз!
1 қазанда Фтизиопульмонология орталығында қарттар күнін атап өтті, әкімшілік зейнеттегі еңбек ардагерлерін шақырып құттықтау тілектерін білдірді. Қарияларымызды құрметтеп, ардақтау – біз үшін парыз.
Қазақ «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» дейді. Үлкенді сыйлау мен оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың туберкулез диспансердің өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Барлығңыз 30-40 жыл фтизиатрия саласында еңбек етіпсіздер. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым - парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер.
«Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» ете білген, бізге тағылымды жол көрсеткен аға ұрпақтың берген тәрбиесі мен тәлімі мол.
Ақыл-кеңестің, үлгі-өнегенің сарқылмас кенішіндей болған қарттарымыз сіздер, аман-есен жүргейсіздер! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілейміз!