Абай Құнанбайұлының туылғанына 175 жыл!
10 тамыз – елімізде Абай күні болып белгіленді!

"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес "Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысы , 22-1-тармақпен, яғни"22-1. «Абай күні – 10 тамыз» толықтырылды!


Ұлы дала философы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының өмірден озғанына ғасырдан астам уақыт өтсе де, оның бейнесі туған халқына, туған ұлтына жақындай түсуде. Еліміз егемендік алып, тәуелсіздік Туы төбемізде желбіреген кезеңде ұлы ойшылдың жауһар жырлары мен мазмұны терең ой-танымдарының құндылығы артып келеді. Бұл бүгінгі жаппай жаһандану дәуірінде де өте өзекті. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласында: «Абайды білу – өзіңді тану. Өзін-өзі тану және адамның тұрақты дамуы, ғылым мен білімнің басымдығы – жетілудің көрінісі» дейді.


Абайдың көз жетпес көкжиектей кең, теңіздей терең ойларын, алтындай асыл, қорғасындай салмақты сөздерін əрбір қазақ баласы, халқымыз оқып санамен, жүрекпен қабылдап өмірде рухани бағдаршамдай пайдалану керектігін сезінесің. Абайдың өз заманында айтқан ой толғанысы қазіргі заманмен үндесіп тұруы халқының, бүгінгі ұрпақтың болашағын ойлаған кемеңгер көреген ойшыл екенінде. Сондықтан Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасының «Фтизиопульмонология орталығы» Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының: Абайдың кітабы мен Мұхтар Əуезовтың «Абай жолы» романы əрбір отбасында болуы керек деген ұсынысын толығымен қолдайды.


Қазақтың ортақ мақтанышына айналған халқымыздың ұлы перзенті, ақын, философ, ғұлама Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толу мерейтойымен баршанызды құттықтай отыра,біздің мекеменің әрбір қызметкері Абайдың шығармашылығын терең зерттеп, өзі үшін өмірлік маңызды бағыт-бағдарды таба алды деп сенім білдіреді!