Санитарлық ағарту мақсатында 14.02.2020 жылы Алматы қаласының Центр фтизипульмонолгия орталығы, өкпе-хирургия бөлімінің дәрігері Кесебаев Тұнғыш Алматы қаласындағы Азаматтық Авиация Академиясының студенттерімен кездесу өткізді.
Студенттерге «Туберкулез және оның алдын алу шаралары» туралы ақпарат берді. Кездесу барысында студенттерге туберкулездің қалай таралатыны, заманауи зерттеу әдістері туралы, алдын алу шаралары жайында айтып түсіндірді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жан-жақты жауаптар алды. Академия ұжымы санитарлық ағарту мақсатындағы жасалған жұмысымызға оң бағасын беріп, алғыстарын білдірді. Кездесуге 304 студент қатысты.