11.02.2020 жылы Алматы қаласының Фтизиопульмонология орталығының координаторлары Глшара Ақбаева мен Гүлнар Алимова Қазақ Спорт және Туризм Академиясының студенттерімен кездесу өткізіді. Кездесу барысында туберкулез ауруының таралуы мен анықтау жолдары, жыл сайын тексерістен өтудің маңыздылығы жайлы айтылды. Студенттердің қойған сұрақтарына жауаптар берілді. Оқу орнында 1600 студент білім алады. Қалалық студенттер емханасында 800 студент тіркелген. Қала тұрғындары (студенттер) әрқайсысы өздері тіркелген медициналық ұйымда жылына 1 рет флюорографиялық тексерістен өтеді. Кездесуге Қалалық студенттер емханасының психологы Г.К.Тоқтар, әлеуметтік қызметкері Н.К.Нұрғалиева мен академияның 40 студенті қатысты. Академияда 2019 жылғы флюорографиялық тексеріс бойынша мониторинг жүргізілді.