07.02.2020 ж. Алматы қаласы «Фтизиопульмонология орталығы» координаторлары Гүлшара Ақбаева мен Гүлнара Алимова Қазақ қатынас жолдары университетінің 2 және 3 студенттерімен кездесу өткізді және флюорографиялық тексеріс бойынша мониторинг жүргізді.
Аталған университетте 387 студент оқиды. Қала тұрғындары (студенттер) жылына 1 рет, өздері тіркелген медициналық ұйымда флюорографиялық тексерістен өтеді. Ал басқа облыстардан келген студенттер №10 Қалалық емханада, келісім шарт бойынша, жылына 1 рет флюорографиялық тексерістен өтіп отрады. Кездесу барысында туберкулез ауруы туралы түсінік берілді. Аурудың белгілері мен таралу жолдары, сақтану жолдары айтылды. Студенттердің қойған сұрақтарына жауаптар берілді.
Кездесуге оқу орнының медицина қызметкері М.Абилдаева және 97 студент қатысты.