04.02.2020 жылы «Фтизиопульмонология орталығы» координаторлары Гүлшара Ақбаева мен Гүлнара Алимова Алматы қаласы әкімінің орынбасарымен бекітілген 2018-2020 жылғы туберкулезге қарсы шаралар туралы Жол картасын іске асыру аясында Әл-Фараби атындағы Қазақстан ұлттық университетінде,  механика-математика факультетінің студенттерімен кездесу өткізді.

 

Кездесу барысында туберкулез ауруының таралуы мен анықтау жолдары, жыл сайын профилактикалық тексерістен өтудің маңыздылығы жайлы айтылды. Туберкулезді емдеу тегін екендіген және уақтылы медициналық көмекке жүгінсе жақсы емделетінін айтып жеткізді. Студенттерді ойландырған  сұрақтарға жауаптар берілді. Аталған факультетте 1739 студент білім алады. Кездесуге оқу орнының медицина қызметкерлері мен 250 студент қатысты.