2019 жылы 04 қазанда Алматы қ. Фтизиопульмонология орталығы ҮЕҰ «Забота дағдарыс орталығы» мен бірлесе отырып,
ЖИТС-мен, туберкулезбен және безгекпен күресу үшін Жаһандық қор грантының қаражатына «ТБ дәріге төзімді нысандарының менеджментін реформалау жолымен Қазақстанда туберкулез ауыртпалығын төмендету» жобасы бойынша, «Жоғары қауіпті топтағы пациенттер арасында туберкулезді емдеу тиімділігін арттыру» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге Алматы қ.Қоғамдық денсаулық басқармасының, Алматы қ. психикалық денсаулық орталығының наркологиялық қызметінің өкілдері қатысты, сондай-ақ ФСМС, ІІД және Алматы қ. Бкибтиубд мамандары, АМБ бас дәрігерлері, "денсаулық жолындағы Серіктестер"ҮЕҰ өкілі шақырылды.
Іс - шараның мақсаты-алкогольге және есірткіге тәуелді ҚТ-бен ауыратын науқастарды емдеудің проблемалық мәселелерін талқылау, ҚТ-ы емдеуге бейімділікті арттыру және алкогольге, есірткіге тәуелді тұлғалар арасында ҚТ-ды емдеу тәртібінің бұзылуын төмендету бойынша бірлесіп іс-шара жоспарын әзірлеу.