2019 жылғы 19 қыркүйекте Алматы қ. Фтизиопульмонология орталығы базасында Қоғамдық денсаулық Альянсы (Украина) арқылы ғаламдық қор қаржыландыратын,
«Шығыс Еуропа және Орталық Азия қалаларындағы халықтың негізгі топтары арасында АИТВ/ТБ індетіне жедел жауап беру» жобасы бойынша іс-шараға халықаралық сарапшы келді. Мақсаты Алматы қ. ҚТ қарсы жобаның бағдарламасын бағалау болды.
Халықаралық сарапшы доктор Кетеван Чхатарашвилимен Алматы қаласындағы фтизиопульмонология орталығының басшылығы және Алматы қаласындағы Zero TB бастамасын іске асыруға жауапты негізгі мамандардың қатысуымен сұхбат өтті. Кездесуде «A FEW Kazakhstan» қоғамдық қорының өкілі, жобалық маман Александра Ли де болды.
Доктор Кетеван Чхатарашвили Денсаулық сақтау саласында дәрігер, кеңесші және даму бағдарламаларының менеджері ретінде 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Доктор USAID, World Bank, DTRA, UN Agencies, ДДСҰ, GIZ, Swedish Sida-да кеңесші болды, сондай-ақ Жаһандық қор Армения, Әзірбайжан, Албания, Белоруссия, Босния және Герцеговина, Грузия, Молдова, Қазақстан, Қырғызстан, Румыния, Тәжікстан, Украина, ОАР-да жұмыс жасайды.