Алматы қ. Бостандық ауданы № 17 ҚЕ базасында Фтизиопульмонология орталығының координаторы Г. М. Садыкова ЕПМ медициналық ұйымдарының мамандары мен медбикелер арасында семинар өткізді. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бірлестігі 23.08.2019 ж. №132 бұйрығы бойынша «1-сынып оқушыларының туберкулезіне қарсы ревакцинация жөніндегі компанияны ұйымдастыру және «қауіп тобындағы» балалар арасында туберкулезді ерте анықтау жөніндегі шараларды күшейту» туралы. Семинарға иммунологтар, жалпы практика дәрігерлері, педиатрлар, фтизиопедиатрлар және мектеп медбикелері шақырылды. Семинарда 2019 оқу жылында 1 сынып оқушыларының туберкулезіне қарсы ревакцинация бойынша ұйымдастыру жұмысытарының талаптары талқыланды.Емхана кординаттары, мектеп медбикелері тарапынан сұрақтар туындады. Семинарға қатысушылар тест тапсырып білімдерін тексерді. Қатысушылар саны – 69 маман.