Алматы қ. Алмалы ауданы РМҰ № 8 ҚЕ базасында Фтизиопульмонология орталығының КДҰ координаторы Г. М. Садыкова 23.08.2019 ж. №132 бұйрығы бойынша жалпы емдеу желісінің медициналық ұйымдарының мамандары арасында «Туберкулезге қарсы ревакцинация жөніндегі компанияны ұйымдастыру» туралы 1 - сынып оқушыларының және балалар арасында туберкулездің «қауіпті тобын» ерте анықтау бойынша шараларды күшейту жөнінде семинар өткізді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 126 бұйрығымен бекітілген «Санитариялық-эпидемиологиялық талаптар бойынша халыққа профилактикалық егуді жүргізу»
Семинарға Алмалы ауданының иммунологтары, жалпы практика дәрігерлері, педиатрлар, фтизиопедиатрлар шақырылды. Семинарда 2019 оқу жылында 1 сынып оқушыларының туберкулезіне қарсы ревакцинация бойынша ұйымдастыру жұмыстарының талаптары талқыланды. Емхана координаторлары мен мектеп медбикелері тарапынан сұрақтар болды. Семинар тыңдаушылардың білімін тестілеумен аяқталды. Алмалы ауданының МСАК-беру ұйымының 30-мамандары қатысты.