26.06.19 ж. Медеу аудандық мәдениет үйінде дөңгелек үстел өтті, оған «Забота» дағдарыс орталығы, ҮЕҰ директоры У. С. Лұқпанова және ҚҚ "Санат Алеми" өкілі М. Е. Абдилов қатысты. Дөңгелек үстелді Алматы қ. ДСБ фтизиопульмонология орталығының координаторлары Э. Мұхаметкаримқызы және Ж. К. Қыстаубаева ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелдің мақсаты-көшіп-қонушылар мен халықтың басқа да осал топтары арасында туберкулезге қарсы іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері бойынша қаладағы ҮЕҰ жұмысы туралы ақпарат беру. ҚҚ «Санат Алеми» өкілі М. Е.Абдилов мырза және ҮЕҰ "Забота" дағдарыс орталығының директоры Лұқпанова Ұлжан өз қызметі туралы ақпарат берді.

 

Олар қатысушыларды осал топтармен өз жұмысы туралы ақпараттармен таныстырып, ТБ ауыратын науқастарға амбулаторлық кезеңде қалай көмек көрсетіп, емдеуден үзілгендердің алдын алу мәселелерін түсіндірді. Сондай-ақ, алдағы бірлескен жұмыс мәселелері талқыланды.