2018 жылдың 29 маусымында ауданаралық Туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бас ғимаратында қызметкерлермен бекітілген кестеге сәйкес терроризмге қарсы күрестің мәселелері және террористік актілерге қатер төнген немесе әрекет жасаған кездегі жаттығулар өткізілді. Лаңкестік актілерді мекеменің аумағында жасау мүмкіндігін ескере отырып, көшбасшылар өздерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ террористік сипаттағы қатерлерді қамтитын хабарламалар болған жағдайда іс-қимыл жоспарын әзірлеуге және іске асыруға жауапты. Сақтық шарасын ескерту ретінде бас дәрігердің орынбасары А.К.Карабаев пен ӘШБ орынбасарлары Б.А. Айбасова ұсынымдар берді:


- объекті аумағына кіру және шығу режимін қатаң сақтау;


- аудио және бейне, дабыл жүйелерін үзіліссіз беру және жазу;


– жарылғыш құрылғыларды немесе күдікті заттарды уақтылы анықтау үшін қауіпті заттардың шоғырландыру орындарын тексеру және аумақты күнделікті айналуымен қатар тексеріп шығу;


– қоймалардың мерзімді комиссиялық тексеруін қамтамасыз ету.