2018 жылдың 04 шілдесі күні Қазақстан Ренспубликасының Астана күнін мерекелеу қарсаңында, Ауданаралық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің мәжіліс залында АТҚКД-нің қызметкерлерінің қатысуымен салтанатты жиналыс болып өтті. Құттықтау сөздерімен бас дәрігердің клиникалық жұмыс жөніндегі орынбасары Карабаев А.К. бөлім меңгерушісі Сырлыбаев Е.К. Бас мейірбике Кажыкенова А.К., құттықтау сөздерін сөйледі. Жаңа елорданың және еліміздің Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаев идеясының жүзеге асуы екенін атап өтті. Астана біздің Отанымыздың астанасы және 1994 жылы Президент резиденциясы болды және әлемдегі ең әдемі мега-қалалардың бірі болды. Әр күн сайын ол дамып, гүлденіп келеді. Мұнда спорттық және мәдени іс-шаралар көп. Ең заманауи ғимараттар салынып жатыр, олар сәулетімен таң қалдырады.

 

Іс-шара соңында 2- өкпе терапевтикалық бөлімшенің қызметкерлері мерекелік концерт ұйымдастырды.