Мәжіліс депутатымен кездесу
04.07.2023 жылы С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Асхат Қанатұлы Аймағамбетов Алматы қаласындағы медицина ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізді.
Кездесуге «АМАНАТ» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы, қалалық мәслихат депутаты Станислав Владимирович Канкуров және Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Иран Маратұлы Шәметеков қатысты.