2023 жылғы 6 маусымда Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен бекітілген балалардың туберкулезбен аурушаңдық деңгейін төмендету жөніндегі жедел жоспарын орындау мақсатында И.И. есімді баладағы уақтылы анықталмаған туберкулезді тіркеу жағдайында ҚДСБ-ның ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Қалибекова Гүлнар Зарқынбекқызының және қаланың медициналық ұйымдары басшыларының қатысуымен талдау жүргізілді. Талдау онлайн режимде жүргізілді. Баланың маршруты бойынша талдауға Алматы облысы Қарасай аудандық орталық аудандық ауруханасы мен Тараз қаласының фтизиопульмонология орталығының өкілдері шақырылды.
Бала туберкулезбен ауыратын науқаспен қарым-қатынаста болған.
Емханалардың медицина қызметкерлеріне 2 аптадан астам уақытқа созылатын жөтел, ұзақ уақытқа созылатын субфебрильді дене қызуы сияқты туберкулезге тән шағымдар болған жағдайда, әсіресе жоғары тәуекел тобының балаларында болса уақтылы туберкулезге тексеру ұсынылды, сонымен қатар пневмония кезінде туберкулезге дер кезінде дифференциалды диагностика жүргізілу керектігі айтылды.