01.06.2023 жылы Алматы қалалық «Фтизиопульмонология орталық» мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет заңгері міндетін атқарушы Ұржамал Қыстаубаева «Сыбайлас жемқорлық. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау. Себептерді жою және алдын алу шаралары» тақырыбында аурухана қызметкерлеріне семинар өткізді. Семинардың соңында аурухананың бөлімшелерінде қызметкерлер арасында «Сыбайлас жемқорлық» тақырыбында тестілеу және сауалнама жүргізілді.
Аталған семинарға бөлім меңгерушісі, дәрігерлер, бас медбике, аурухананың аға медбикелері қатысты.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың ресми түсіндірмесі мынадай:
Пара: Заттар – ақша, оның ішінде валюта, банк чектері мен бағалы қағаздар, бағалы металдар мен тастардан жасалған бұйымдар, автомобильдер, тамақ өнімдері, бейнеаппаратуралар, тұрмыстық техника және басқа да тауарлар, пәтерлер, саяжайлар, гараждар, жер учаскелері және басқа да жылжымайтын мүліктер болуы мүмкін.
Пара алғаны үшін кім жауапқа тартылуы мүмкін?
Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген лауазымды адам және оған теңестірілген адам пара алушы деп танылуы мүмкін.
Жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адамдар – мемлекеттiң функцияларын және мемлекеттiк органдардың өкiлеттiктерiн тiкелей орындау үшiн Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық және өзге де заңдарында белгiленген лауазымдарды атқаратын адамдар.
Пара алу (366-бап); Пара беру (367-бап):
Егер сіз пара ұсынсаңыз немесе сұрасаңыз не істеу керек:
Пара берушінің (пара алушының) пара алудан (беруден) ықыласы немесе үзілді-кесілді бас тартуы жайлы өте мұқият, сыпайы, ашуланбай түсіндірілуі керек.
Сізге ұсынылатын шарттарды мұқият тыңдаңыз және дәл есте сақтаңыз : ( соманың мөлшері, тауарлардың атауы және қызмет көрсету сипаты, параны аудару шарттары мен әдістері, коммерциялық пара алу нысаны, мәселелерді шешу реттілігі);
параның берілу уақыты мен орны туралы мәселені келесі әңгімеге дейін қалдыруға және келесі кездесуге белгілі орынды ұсынуға тырысыңыз;
әңгімеде бастамашылық көрсетпеңіз, көбірек «қабылдау үшін жұмыс жасаңыз», ықтимал пара алушы (пара беруші) «сөйлесін», мүмкіндігінше көбірек ақпаратты тыңдаңыз;
егер сізде дауыс жазу құрылғысы болса, пара алу немесе оны бопсалау туралы ұсынысты (жасырын) жазып алуға тырысыңыз.
Пара ұсыну немесе сұрау фактілері орындалғаннан кейін бірден не істеу керек?
1. Осы фактіні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға хабарлаңыз.
2. Жұмыс орныңыздағы құқық қорғау органдарының біріне немесе олардың жоғары тұрған органдарына алдағы қылмыс туралы ауызша немесе жазбаша арызбен жүгініңіз.
Жергілікті билік (әкімдік) өкілдері, құқық қорғау органдары және басқа да мемлекеттік мекемелер өкілдері пара ұсынған немесе талап еткен жағдайда осы органдардың қызметкерлері жасаған қылмыстардың жолын кесумен айналысатын ішкі қауіпсіздік бөлімшелеріне тікелей хабарласуға болады.
3. Сізге пара ұсыну немесе бопсалау туралы хабарламамен жүгінген құқық қорғау органының басшысымен кездесуге жазылыңыз.
4. Сізге пара ұсыну немесе оны бопсалау фактісі туралы арыз жазыңыз, онда нақты көрсету керек:
-лауазымды тұлғалардың қайсысы (тегі, аты, әкесінің аты, қызметі, мекемесі) сізге пара ұсынса немесе бопсаласа;
- ұсынылған немесе сұралған параның мөлшері мен сипаты қандай;
- қандай нақты іс-әрекеттеріңіз (немесе әрекетсіздігіңіз) үшін сізге пара ұсынылған немесе бопсалаған;
- параны тікелей беру қай уақытта, қай жерде және қалай жүзеге асырылуы тиіс;
- құқық қорғау органының нұсқауына сәйкес әрекет етуді жалғастыру;
Бар ақпаратты белгіленген тәртіп бойынша жіберіңіз.
Білу маңызды!
Қылмыстар туралы ауызша хабарламалар мен жазбаша арыздарды құқық қорғау органдары қылмыс жасалған орын мен уақытына қарамастан, тәулік бойы қабылдайды.
View the embedded image gallery online at:
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1533-sybajlas-zhem-orly-ta-yrybyna-seminar.html#sigFreeIded2528383e
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1533-sybajlas-zhem-orly-ta-yrybyna-seminar.html#sigFreeIded2528383e