Фтизиопульмонология орталығының үйлестірушілері Ахметкалиева Д.Н., Садыкова Г.М. және Филипповская Т.Н. аудандық медициналық бірлестіктерде (АМБ) «Балалар арасында туберкулездің алдын алу және уақытылы анықтау бойынша шараларды жоспарлау және іске асыру» тақырыбында бірқатар тренингтер өткізді.
Мақсатты топ: қалалық емханалардың бас дәрігерлерінің орынбасарлары, мектептер бойынша жауапты дәрігерлер, МСАК медициналық ұйымдарының педиатрлары.
Тренингтерде Манту және АТР (Диаскинтест) сынамаларының көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және нәтижелерін бағалау, БЦЖ вакцинациясы, туберкулездің профилактикалық емінің көрсеткіштері мен бақылаулы емді ұйымдастыру, мектеп оқушылары арасында туберкулезді анықтау және диагностикалау мәселелері қарастырылды. Орталықтың мамандары тренингке қатысушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді, кеңес берді және клиникалық жағдайларға талдау жасады.
Тренингтің алдында бастапқы білім деңгейін бағалау үшін алдын ала тестілеу, ал оқу аяқталғаннан кейін посттесттер өткізілді. Оқытудан кейін МСАК мамандарының туберкулездің алдын алу және анықтау бойынша білім деңгейі орта есеппен 30-40%-ға жақсарды.
Барлығы 154 дәрігер оқытылды.
МСАК мамандарының туберкулез мәселелері бойынша білім деңгейін арттыру және туберкулезге қатысты зейінділігін арттыру мақсатында бұл тренингтер алдағы уақытта да жалғасын табады.