Атақты «McDonald's» фаст-фуд Қазақстаннан кетуге ниет білдіргені бәріне жаңалық болды.
Фастфуд - өте тез әрі кең қолданылатын тағамдардың бірі. «Фастфуд» термині жылдам тағам деген мағынада қолданылады және бұл тағам тез дайындалады, ал бұл тұтынушыға өте қолайлы.
Отандастар фастфуд тағамдарымен тамақтануға болмайды!!!
Осындай тамақтың зиянды екенін, екінің - бірі ойлай бермейді, білгендердің өзі қуырылған картоптың қытырлағанын газды сусын кока – коламен шөлін басады. Ол қымбат емес, біреқ өте қауіпті.
Денсаулығымыздың қауіпті жауы әрқашанда жаныңнан табылады, ол есірткі сияқты, қарның аш болғанда қолың өзі тартылып тұрады. Көбі фастфудтардың зиянды екенін түсінеді.
Балаларды кішкентай жастан бастап осындай тағамдарға үйретпеген жөн. Британдық ғалымдар фаст-фуд тағамдарын үш жасынан бастап жиі тұтынған сегіз жастағы балалардың түйсігі тиімді тамақтандырылған құрдастарымен салыстырғанда төмен екендігін анықтаған.
Шынына келсек кейбіреулері жалқаулықтың арқасында, тағыда біреулер денсаулығына немқұрайлықпен қарағандықтан осындай тағамдармен тамақтанады. Фастфуд сататын дүкендер өздеріне әдемі жарнамаларымен, төмен бағаларымен, жылдам әзірленуімен тұтынушылардын назарын аудартады. Ал біз денсаулығымызға салғырт қарасақ, балаларымыздың ертеңгі күні не болмақ. Егер сіз осындай тағамдарды жақсы көретіндер қатарына кірсеңіз, онда газеттер мен журналдардағы ақпараттар сіздің пікіріңізді өзгерте алмайды.
Осындай тағамдардың калориялары өте жоғары, майлар мен консерванттар құрамы өте көп болғандықтан, дәрумендер мүлдем жоқ.
Фаст-фудтың отаны саналатын Американың өзінде оны джанк-фуд (junk-food), яғни қоқсық тағам деп айтатын болған. Себебі қаладағы қоқыс жәшіктері осы фаст-фудтың сырт қабына толып қалып, тіпті жан-жағына шашылып жататын көрінеді.
Фасфуттың тұтынушылары миллионнан асады. Алайда,мамандар асығыс жасалатын астың зиянды жақтары көп екендігін алға тартады. Қазақстанда үй тағамының орнына, гамбургер мен фри картобын таңдайтын адамдардың саны көбейіп келеді.
Тез дайындалатын фаст-фуд тағамының құрамындағы қант пен тұздың жоғары мөлшері, әртүрлі консерванттар мен басқа да химиялық заттар оның денсаулыққа зиянды әсерін күшейтеді. Ал, жапырақты салат, қызанақ пен қиярдың жіңішке тілімдері фаст-фуд тағамының зияндылығын төмендете алмайды. Тіпті оның сыртындағы орама қағазының өзі де ағзаны улауы мүмкін. Себебі, бұндай қағазға перфторалкилді қышқылдарды сіңіру арқылы май жұқпайтын қасиет береді.
Әдетте, фаст-фуд тағамдарын тұтыну барысында міндетті түрде салқындатылған тәтті газды сусындар ішіледі. Мұндай сусынның бір стаканының құрамында алты шай қасық шекер бар, ал бұл күнделікті қауіпсіз нормадан жоғары. Газды сусындардың құрамындағы фосфор қышқылы, жағымды иіс бергіш заттар, бояғыштар, қоспалар ағзада көптеген патологиялық өзгерістер тудырады. Сонымен қатар, салқын сусын тағамның асқазаннан ары ішекке қарай уақытынан бұрын жылжуына әкеп соғады. Сондықтан, шамалы уақыттан соң баланың қарны ашып, тағы да фаст-фуд тағамын жегісі келеді. Асқазанда уақытында ұсталып, тұрақтамаған, тағам толығымен қорытылмайды. Осыған байланысты, жеткілікті қорытылмаған тағам іру үдерістеріне ұшырап, ішек жолдарының қабынуын тудырады.
Мамандардың айтуынша, саламатты тамақтану дəстүрін ұстанбау жүрек-қантамыр ауруларының, ІІ типті қант диабетінің, артық дене салмағы мен семіздіктің, ісіктердің, тістің тотығуының пайда болуына әкеп соқтырады. Асқазан-ішек жолдарының қабынуы да дұрыс тамақтанбаудың салдарынан болады.
Жаһандық деңгейдегі адам денсаулығына қауіпті 10 фактордың 5-еуі (дене салмағының төмендеуі, семіру, жоғары қан қысымы, темір тапшылықты қан аздық жəне қандағы холестериннің жоғары мөлшері) осы дұрыс тамақтанбау сипатымен тікелей байланысты екен.
View the embedded image gallery online at:
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1380-ftiziopulmonologiya-ortaly-yny-d-riger-reanimatologi-ba-tiyar-dosma-ambetov.html#sigFreeId39259ebca4
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1380-ftiziopulmonologiya-ortaly-yny-d-riger-reanimatologi-ba-tiyar-dosma-ambetov.html#sigFreeId39259ebca4