2023 жылдың 25-қаңтарында Алматы қаласының Фтизиопульмонология орталығында директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Г.Л.Айнакузованың төрағалығымен өліммен аяқталған жағдайларды зерттеу комиссиясының (ӨЖЗК, КИЛИ) жиналысы өтті. ӨЖЗК жұмысына N5, 13 және 24 қалалық емханалардың бас дәрігерлерінің орынбасарлары, жалпы тәжірибе дәрігерлері (ЖТД) және фтизиатрлары, «Пана» бейімдеу орталығының қызметкерлері қатысты.
Жиналыс 2022 жылы Фтизиопульмонология орталығында стационарлық ем қабылдаған науқастардың өлім жағдайларын талдауға арналды. Комиссия мүшелері және жиналысқа қатысушылар стационарлық емделушінің картасымен, емдеу тактикасымен, мамандандырылған мамандар кеңесінің уақытылылығымен, ауру тарихына пікір-сараптармен танысты.
Жұмыс барысында өлім-жітім себептері, медициналық қызмет алудың әртүрлі кезеңдеріндегі науқастардың маршруты, клиникалық-диагностикалық тексерулердің сапасы мен толықтығы жан-жақты талданды.
ӨЖЗК отырысының қорытындысы шығарылып, хаттамалық шешім қабылданды да, туберкулез салдарынан болатын өлім-жітімді болдырмау мақсатында көрсетілетін медициналық көмектің әртүрлі кезеңінің сапасын арттыру бойынша ұсыныстар берілді.
Туберкулезден болатын өлімнің жиі кездесетін себептері жанама аурулар: АИТВ-инфекциясы (25%), жүрек-қантамыр жүйесінің созылмалы аурулары (24%), өкпенің созылмалы аурулары (22,5%). Дер кезінде медициналық көмекке жүгінбеген адамдарда 28,5% жағдайда өлім-жітім тіркелген. Қайтыс болғандардың 25,6%-ы МСАК ұйымдарына тіркелемеген, сондықтан динамикалық бақылауда болмаған, тұрақты баспанасы жоқ адамдар болғаны ерекше назар аударуға тұрарлық.
Жоғарыда аталған факторлардың барлығы туберкулезді дер кезінде диагностикалауға және оны сәтті емдеуге әсер етеді.
Уақытында скринингтік тексеруден өтіп тұруға; кез-келген аурудың белгілері байқалса, дер кезінде дәрігерге қаралуға; өзін-өзі емдемеуге және достарының кеңесімен емделмеуге, салауатты өмір салтын ұстануға кеңес береміз.
View the embedded image gallery online at:
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1371-ua-ytynda-any-talyp-emdelse-tuberkulezden-toly-ajy-u-a-bolady.html#sigFreeId77c2133ea3
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1371-ua-ytynda-any-talyp-emdelse-tuberkulezden-toly-ajy-u-a-bolady.html#sigFreeId77c2133ea3