Алматы қаласы Фтизиопульмонология орталығында қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында комплаенс офицер Абдилов Мадияр орталықтың бөлімшелерінде жүйелі түрде мониторинг жүргізіп келеді. 7 қараша 2022 жылы комплаенс офицер М.Абдилов мен денсаулық сақтау менеджері М.А.Жігітекова бухалтерия (есеп) бөлімінде қызметкерлерге еңбекақыны тағайындаудың нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін тексерді.