Біз Сіздерді Алматы қаласы фтизиопульмонология орталығының инфекциялық бақылау медбикесі Әлімова Гүлнар Жеңісқызымен таныстырғымыз келеді. Гүлнар Жеңісқызы жұмыс тәжірибесі 30 жылдан асқан, жоғары санатты, академиялық бакалавр дәрежесі бар медбике.
Еңбек жолын 1992 жылы Алматы облысының Кеген аудандық емханада бастады, 1998 жылы Іле аудандық ауруханасында хирургиялық бөлімшеде,
1999-2000 жж. Алматы қаласында қазіргі ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығына жұмысқа орналасты.
2001 жылдан бастап Алматы қаласының фтизипульмонология орталығында жұмыс істейді, бастапқы уақытта реанимация бөлімінде аға медбике болып жұмыс істеді.
2020 жылы короновирус пандемиясы кезінде жұқпалы аурулар бөлімінде медбике болып жұмыс атқарды. Жұқпалы аурулар бөлімінде жұмыс істей жүріп, ол өзін өте білікті медбике ретінде көрсетті, көптеген пациенттердің алғыстарына бөленді.
Қазірге уақытта инфекциялық бақылау медбикесі болып қызмет атқарады.
Орталықтың қоғамдық өміріне белсене қатысады, Қалалық жарыстарға қатысып «Үздік медбике» конкурсында бірінші орынды жеңіп алды. Гүлнар Жеңісқызы адал еңбегі үшін көптеген Алғыс хаттармен, Грамоталармен және "Қазақстан халқының Ассамблеясының қоғамдық "Бірлік" алтын медалімен " марапатталды.
Гүлнар Жеңісқызы Сізді мерекеңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, еңбегіңізге табыс, ашық аспан және де жеке бақыт тілейміз!