БЦЖ вакцинасы
Туберкулезді алдын алу және сау жаңа туған нәрестелерде туберкулезді алдын алу мақсатында, медициналық қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда, туылғаннан кейін 2-4 күннен кейін перзентхананың егу бөлмесінде БЦЖ вакцинасымен егіледі.
Вакцинаны 1919 жылы микробиолог А.Кальмет пен ветеренар дәрігер К.Гуерин жасаған.
БЦЖ вакцинасы алғаш рет жаңа туған нәрестеге 1921 жылы енгізілді.
Қазіргі уақытқа дейін БЦЖ вакцинасы туберкулездің белсенді спецификалық профилактикасы үшін жалғыз дәрі болып қала береді.
Ол тірі, адамдар үшін өзінің вируленттілігін іс жүзінде жойылған туберкулез микобактериясының, әлсіреген штаммы болып табылады.
БЦЖ вакцинасы ауруды азайтуға айтарлықтай әсер етеді және балаларда туберкулездің ауыр жалпыланған түрлерінің дамуын болдырмайды.
ДДҰ ұсынымдарына сәйкес, вакцина әлемнің 118 елінде қолданылады.
БЦЖ вакцинасы, вакцинаға қоса берілген нұсқаулықта көзделген мөлшерде сол жақ иықтың сыртқы бетінің жоғарғы және ортаңғы үштен бір бөлігінің шекарасында қатаң түрде тері ішіне енгізіледі. Вакцинацияны тек арнайы оқытылған медицина қызметкерлері жүргізеді.
Перзентханаларда БЦЖ вакцинасымен егілмеген балалар БМСК көрсететін ұйымдарда егіледі: екі айға дейін – Манту сынамасынсыз, теріс нәтижесі болған жағдайда – екі айдан кейін егіледі.
Вакцинацияланған балаларды бақылауды учаскелік дәрігер жүргізеді. Вакцинацияның және БЦЖ вакцинасымен ревакцинацияның соңғы нәтижесі егуден кейін 1 жылдан кейін тыртық мөлшері бойынша бағаланады. Оңтайлы тыртық өлшемі 5-9 мм деп саналады.
Вакцинациядан кейін жергілікті вакцинация реакциясы болмаған жағдайда (тыртықтың болмауы), балалар алдын ала Манту сынамасынсыз (вакцинаға дейін) 6 айдан кейін немесе 1 жылдан кейін (тек бір рет) - теріс Манту сынамасымен қайтадан вакцинацияланады.
Егуден кейінгі шамамен 5 жыл иммунитет тұрақты сақталады, сондықтан теріс Манту сынамасы бар дені сау инфекция жұқтырмаған балаларға Манту жасы 6 толғанда салынады.
Медициналық қарсылық білдіру кезінде ревакцинация қарсы көрсетілімдер жойылғаннан кейін дереу жүргізіледі.
Құрметті ата-аналар! Балаларыңыздың денсаулығын қадағалаңыздар: оларға міндетті түрде БЦЖ вакцинасын егіңіздер!
 
Возможно, это изображение человек, ребенок и текст