Жер сілкінісіне әрдайым дайын болу қажет (жалғасы). «Дабыл сөмкесі» Жер сілкінісі кезінде қажетті заттарды жинауға уақыт кетіруге болмайды. Сондықтан алдын ала «дабыл сөмкесін/чемоданын» дайындап, ыңғайлы жерге қойған жөн. Жойқын жер сілкінісі кезінде қажет болатын және өмірді сақтап қалуы мүмкін "дабыл сөмкесінде" не болуы керек? Әлеуметтік желіде әртүрлі ақпарат бар, солардан қысқаша шолуды ұсынамыз. Әр үйде мұндай "дабыл сөмкесі" жиналып тұруы керек және ол тек жер сілкінісі болған жағдайда ғана емес, сонымен қатар кез - келген төтенше жағдайда қажет болуы мүмкін, мысалы, өрт болса. "Дабыл сөмкесін" шығуға жақын жерде және қажет болған жағдайда оңай табуға болатын жерде сақтаған жөн. Жалпы, "дабыл сөмкесін" отбасының әр мүшесіне жинау керек. Құтқарушылар "дабыл сөмкесі" ретінде су өткізбейтін, жеңіл, бірақ сонымен бірге тығыз матадан тігілген рюкзакты пайдалануды ұсынады. Оның шағылысатын жолақтары бар, ашық түсті болғаны дұрыс. Оның ішіне қажетті дәрі - дәрмектер, қол шамы, бәкі немесе пышақ, су, шағын радиоқабылдағыш, қосымша батарейкалар, сіріңке немесе тұтандырғыш (зажигалка) салып қою керек. Сонымен қатар, маңызды құжаттардың көшірмелері - төлқұжат, жүргізуші куәлігі, туу туралы куәлік, жылжымайтын мүлік пен автокөлікке меншік құқығын растайтын құжаттар және басқа да маңызды құжаттар. Оларды су өткізбейтін қалташаға салып, оларды алу оңай болатындай етіп орналастырған дұрыс. Сондай - ақ құжаттарға отбасы мен жақындарының фотосуреттерін де қосуға болады. Алғашқы медициналық көмек қобдишасында мақта, таңғыштар, пластырьлар, БФ желімі (йод пен зеленканы алмастырады), белсендірілген көмір, ден қызуын түсіретін, ауырсынуды басатын дәрілер, аллергияға, диареяға және ішек инфекциясына қарсы препараттар, ұнтақтардағы антибиотиктер, дәрігер тағайындаған және үнемі қабылдау керек дәрі - дәрмектер болуы керек. "Дабыл сөмкесіндегі" дәрі - дәрмектер мен өнімдердің жарамдылық мерзімін үнемі тексеріп отырыңыз. Құтқарушылар "Дабыл сөмкесін" дайындап қана қоймай, отбасы мүшелерімен жер сілкінісі болған жағдайда іс - қимыл жоспарын құруға және талқылауға кеңес береді. Қазақстандықтарға бұл ешқашан қажет болмайды деп үміттенеміз, бірақ сақтықта қорлық жоқ деген бар ғой.
View the embedded image gallery online at:
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1661-zher-silkinisine-rdajym-dajyn-bolu-azhet-zhal-asy.html#sigFreeId5efe13487e
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1661-zher-silkinisine-rdajym-dajyn-bolu-azhet-zhal-asy.html#sigFreeId5efe13487e