24 сәуір 2023 жылы Алматы қалалық ДСБ ШЖҚ "Фтизопульмонология орталығының" маманы Гүлнара Жеңісқызы Алимова "Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-151 бұйрығы бойынша семинар өткізді.
Төменде осы бұйрықта пайданалылған терминдер келтіріліп отыр :
1) антисептика – емдеуді қамтамасыз ету және инфекциялық процестің дамуының алдын алу мақсатында пациенттің терісіндегі, сілемейлі қабықшаларындағы, жаралар мен қуыстардағы ықтимал қауіпті микроорганизмдердің өмір сүруіне бөгет жасау немесе жою тәсілдерінің жиынтығы;
2) антисептиктер – антисептика жүргізуге арналған химиялық, биологиялық құралдар;
3) антибиотиктер – микроорганизмдердің өсуін бәсеңдететін, шығу тегі табиғи немесе жартылай синтетикалық дәрілік препараттар;
4) асептика – операция, емдеу және диагностикалық емшаралар кезінде инфекция қоздырғыштарының пациенттің терісіне, жарасына және қуыстарға түсуінің алдын алуға бағытталған тәсілдердің жиынтығы;
5) дезинфекция – сыртқы ортада инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жоюға бағытталған арнайы іс-шаралар кешені;
6) дезинфекциялық құралдар (бұдан әрі – дезқұралдар) – дезинфекциялау, стерилдеу алдында тазарту, стерилдеу (стерилдеу құралдары), дезинсекциялау (дезинсекциялау құралдары) жүргізуге арналған химиялық және биологиялық құралдар, сондай-ақ репелленттер мен педикулоцидтер;
7) инфекцияның көзі – микроорганизмдердің жиналуын, өсуін, көбеюін және қоршаған ортаға бөлінуін қамтамасыз ететін олардың өмір сүруінің табиғи ортасы;
инфекциялық бақылау – медициналық ұйымдарда АІИ туындауының және таралуының алдын алуға бағытталған ұйымдастыру, санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүйесі;
9) инкубациялық кезең – инфекция қоздырғышы организмге түскен сәттен бастап аурудың алғашқы симптомдары пайда болғанға дейінгі уақыттың бөлігі;
Сондай-ақ, аталған бұйрықтың 2-қосымшасында п 1. Медициналық ұйымдар қызметкерлерінің қолды гигиеналық өңдеуі бекітілген.
Медициналық ұйымдарда МККБИ қоздырғыштары берілуінің және таралуының негізгі факторы медицина персоналының манипуляциялар жасау кезінде немесе медициналық ұйымның сыртқы ортасының әртүрлі объектілерін (аппараттарды, аспаптарды, пациенттерге күтім жасауға арналған заттарды, санитариялық-техникалық жабдықты, төсек-орын жабдықтарын, медициналық бұйымдарды, таңу материалын, медициналық қалдықтарды) ұстау кезінде қолының ластануы болып табылады.
Микроорганизмдердің қол арқылы берілу жолдарын болдырмау және МККБИ пайда болуы тәуекелін азайту үшін медициналық ұйымдар қызметкерлері қолдарын ластанатын немесе ластануы мүмкін болатын барлық жағдайларда өңдеуі қажет.
Медициналық манипуляцияларды жүзеге асыратын медицина персоналы қолын тиімді өңдеуді қамтамасыз ету үшін мынадай талаптарды сақтауы қажет: тырнақты алу, қолға лак жақпау, жасанды тырнақтың болмауы, зергерлік бұйымдар мен сағат, білезік тақпау, қолды зақымдаудың болмауы, білекті киім жауып тұрмауы тиіс.
Медициналық ұйымдар қызметкерлерінің қолды гигиеналық өңдеуінің үш тәсілі бар:
1) қолды антисептик қолданбай, сабынмен және сумен жуу;
2) қолды антисептик қолдану арқылы (гигиеналық) өңдеу;
3) қолды хирургиялық дезинфекциялау.
Семинар барысында қол өңдеудің көрсетілімдері, талаптары және тәсілдері айтылып, іс жүзінде көрсетіліп талқыланды.
View the embedded image gallery online at:
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1525-24-s-uir-2023-zhyly-almaty-alaly-dsb-shzh-ftizopulmonologiya-ortaly-yny.html#sigFreeId02df203428
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1525-24-s-uir-2023-zhyly-almaty-alaly-dsb-shzh-ftizopulmonologiya-ortaly-yny.html#sigFreeId02df203428