2023 жылдың 14-сәуірінде Алматы қалалық ДСБ ШЖҚ "Фтизопульмонология орталығы" КМК-ның мамандары Жадра Нащеева мен Гүлнара Алимова орталықтың мамандарына арнап безгек ауруы жөнінде семинар өткізді.
Дүние жүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының деректерiне қарағанда әлемдегi 41% халықта әлi де безгектi жұқтыру қауiпi бар, ал олардың 300-500 миллионы жыл сайын осы қауiптi аурумен ауырады. Безгек «жақын шет елдердiң» аумағында - Тәжiкстанда, Өзбекстанда, Әзiрбайжанда, Қырғызстанда, сондай-ақ, Үндiстан, Ауғаныстан, Пәкiстанда тiркелiп отырады.
Әлемде безгек ауруының таралуының басты факторлары - халықтың қарқынды көшіп-қонуы (туристер, маусымдық жұмысшылар, саудагерлер), жаһандық климаттың өзгеруі (ауа температурасының көтерілуі мен жауын- шашын мөлшерінің артуы), безгек масаларының инсектицидтерге және безгек плазмодиларының дәрі-дәрмектерге төзімділігі.
Безгек (Малярия) - тропикалық және субтропикалық климатты елдерде кеңінен таралған жұқпалы ауру. Ауру безгек масалары шаққанда, қан құйған сәтте науқас анасынан ұрықтағы балаға жұғуы мүмкін.
Безгек ауруының 4 формасы бар. Ең қауіптісі - тропикалық безгек, дәрігерге сәл кешігіп қаралсаңыз, соңы өлімге әкелуі мүмкін.
Ауру маса шаққаннан кейiн, 10-20 күн өткен соң немесе аурудың жасырын кезеңi ұзақ болып келетiн - үшкүндiк безгекте 8-14 ай өткеннен соң басталады. Безгек қызба ұстамасы түрiнде өтедi. Қызба ұстамасы әдетте науқастың қатты тоңып, қалтырауымен басталады. Науқастың аяқтарының және қолдарының бұлшықеттерi, сондай-ақ басы ауырады. 2-3 сағаттан соң, дене қызуы 39-40 градус С температураға дейiн көтерiлiп, осы деңгейде 2-6 сағат тұрады, дене қызуы түскенде науқас қатты терлеп, денесiн әлсiздiк басады. Ертеңiнде қызба ұстамасы өткеннен кейiн, науқас әлсiздiктi сезiнедi, бiрақ жалпы көңiл-күйi қанағаттанарлықтай болады. Қызба ұстамалары қайталанып отырады. Емделмеген жағдайда қызба ұстамалары 3-6 аптаға дейiн созылуы мүмкiн. Безгек әсiресе жүктi әйелдер мен жас сәбилерде ауыр өтедi.
Науқаста қаназдылық, бауырдың және көкбауырдың үлкеюi байқалады, ал емделмеген тропикалық малярия науқастың өлiмiне әкелуi мүмкiн. Нақты диагнозды тек қанға тексеру жүргiзгенде ғана қоюға болады. Кейде қызба ұстамасы болмаған, өзiн саумын деп сезiнетiн адамдардың қанынан безгек паразиттерi анықталады, сондықтан ауруды анықтаудың жақсы әрi сенiмдi тәсiлi - науқастың қанын безгек паразиттерiне зертханалық тексеру болып табылады. Әрбiр науқас және ауырмаған, тек безгек паразитiн тасымалдаушы адам, дер кезiнде емделуге, дәрiгердiң барлық талаптарын орындауға тиiстi. Дер кезiнде ем қабылдағанда қызба ұстамалары өте жылдам тоқтап қалады, ауырған адамның денсаулығы және жұмысқа қабiлеттiлiгi бұрынғы қалпына келедi. Науқастың қаны паразиттен тазарады да, ол маса үшiн ауру көзi болып табылмайды, осылайша безгектiң әрi қарай таралуы тоқтайды.
Безгек ауруы үшін қолайсыз елдерде болған кезде сіз өзіңізді масалардың шағуынан қорғауыңыз қажет. Осы мақсатта ымыртта және кешке теріні және киімді өңдейтін репелленттерді (масаларды шошытатын құрал) пайдалану ұсынылады. Масалардың бөлмеге кіруіне жол бермеу үшін терезелер мен есіктерді бітеу қажет. Кешке және түнгі уақытта электрофумигаторларды қолдануға болады. Ұйықтаған кезде арнайы шатырларды қолданған жөн. Үй жайларды өңдеу үшін электрофумигаторлар, москит орамдары, бүріккіштер (аэрозольдар) қолданылады.
Репелленттер болмаған жағдайда масаларды шошытатын халық қолданысындағы: қалампыр, насыбайгүл, анистің иісі бар майларды теріге жағу немесе от көздеріне (пеш, от) майды тамызу арқылы қорғануға болады. Бұдан басқа 5-7 күн бойы масалардың жақындауына жол бермейтін түймедақ гүл шоқтарын қолдануға болады.
Жаз мезгілі жақындып келеді. Фтизопульмонология орталығының мамандары тұрғындарға демалыс уақытында ыстық климаттық елдерге барғанда абай болу қажеттігін ескертеді!