Туберкулез ауруы өзекті болып қала беруде. Ауру жыл сайын көптеген адамдардың өмірін қияды. Бұл жағдай дәрігерлер арасында үлкен алаңдаушылық тудырады. Осы себептерге байланысты ауруға бейімділікті бақылау, сондай-ақ оның алдын алу үшін бірінші аптада әрбір туылған нәрестеге жоспарлы міндетті процедура ретінде БЦЖ вакцинасы салынадыі. Әрі қарай, 14 жасқа дейінгі қатерлі топтағы балаға жыл сайын Манту сынамасы салынады.
Манту сынамасы туберкулез инфекциясының анықтауға арналған иммунологиялық тест болып табылады, Манту сынамасы іс жүзінде вакцина емес. Оны туберкулез микроорганизмдерінің болуына аллергиялық сынама түріндегі профилактикалық тексеру деп атаған дұрысырақ болар еді.
Тері ішіне туберкулинді қолдану арқылы 1908 жылы Чарльз Манту ұсынған. Содан бері бұл сынама дүние жүзі балалар мен жасөспірімдердің арасында туберкулезді анықтаудың ең маңызды тәсілі болып есептеледі.
Туберкулин инъекциясы білектің ішкі бөлігінің тері ішілік (внутрикожно) енгізіледі. Әсері үшінші күні, 72 сағаттан кейін пайда болған папула өлшемін сызғышпен өлшейді және дәрігер визуалды түрде анықтайды.
Балаларда туберкулезді анықтау үшін туберкулиндік Манту сынамасы қолданылады, оның мақсаты:
1) туберкулез микобактериясы алғаш рет жұқтырғандарды және туберкулинге гиперергиялық реакциясы бар балалар мен жасөспірімдерді анықтау;
2) БЦЖ вакцинасымен вакцинациялау және ревакцинациялауға контингентті іріктеу;
3) ауруды ерте анықтау үшін.
Манту сынамасымен зерттеп-тексеруге мынадай балалар жатады:
1) туберкулезбен ауыратын науқаспен қарым-қатынаста болған балалар (отбасылық, туыстық, мектептік (ұжымдық), пәтерлік және басқа қарым-қатынастар);
2) 2 айдан асқан балалар вакцинациялау және ревакцинациялау алдында;
3) жоғарғы тәуекел тобындағы балалар.
Туберкулезді ерте анықтау мақсатында тәуекел тобындағы балаларға туберкулинодиагностика жүргізіледі (туберкулин Манту сынамасы, рекомбинантты туберкулезді аллерген сынамасы).
Туберкулезбен ауру бойынша жоғарғы тәуекел тобына:
• Ата-аналары АИТВ жұқтырған, бас бостандығынан айыру орнынан шыққан, маскүнемдіктен, нашақорлықтан зардап шегетін, табысы аз, көшіп-қонушы отбасыдан шыққан балалар;
• Қант диабеті, бронх-өкпе жүйесінің тән емес аурулары, тамақтанудың бұзылуы (дене массасының тапшылығы) АИТВ-инфекция бойынша диспансерлік есепте тұрғандар, иммундық супрессивті терапия алатындар (глюкокортикоидтер, цитостатиктер, гендік-инженерлік биологиялық препараттар және басқалары), мүгедектер;
• БЦЖ вакцинасымен егілмеген және вакцинасының белгісі қалыптаспаған балалар;
• Стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде және психоневрологиялық диспансерлерде арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер алатын балалардың контингенті жатады. .
Альтернативті зерттеулер
Кох таяқшасының бар-жоғын аныктау мақсатында заманауи медицинада Манту сынамасымен мен бірге жетілдірілген диагностикалық тест рекомбинантты туберкулезді аллерген сынамасы (Диаскинтест) (Қазақстанда 2014ж қоланылды) қолданылып келеді . Оның ерекшелігі адам ағзасында туберкулез таяқшасының белсенділігін анықтайды.
Диаскинтест тері ішілік енгізіледі және құрамында жасанды аллерген бар, атап айтқанда ішек таяқшасының қоректік ортасында өсірілген ақуыздар. Бұл процедура 90% -дан астам жағдайда дұрыс нәтиже береді. Оның үстіне оң реакция БЦЖ вакцинациясына қарамастан, адамдар үшін қауіпті туберкулез таяқшасының белсенді түрі болған жағдайда ғана нәтижесі оң болады.
Әрине, Манту сынамасы туберкулезге қарсы иммунитетті қамтамасыз етпейді, дегенмен, бұл қауіпті сырқаттың алдын алудың сенімді жолы болып есептеледі.