Кез-келген адам, әсіресе медицина қызметкерлері, клиникалық өлім жағдайымен кездессе адамның өмірін сақтап қалуға бағыталған жедел шараларды, яғни жүрек-өкпе реанимациясын (ЖӨР) жүргізе білуі керек. Өйткені жедел жәрдем келгенше, тез және нақты әрекет етіп, өлім мен өмірдің арасында жатқан адамға дұрыс көмек көрсетсек қана оның өмірін сақтап қалуға септігімізді тигіземіз.
Өлімнің алдын алу шараларының кешенінің бастапқы екі элементі:
1. Жүрек тоқтауын ерте тану және жедел жәрдем шақыру.
2. Жүрек-өкпе реанимациясы.
ЖӨР көрсеткіштері:
1. науқастың ес-түссіз болуы
2. тыныс алудың болмауы
3. ірі қантамырларында пульсацияның жоғалуы.
Жүрек-өкпе реанимациясы – ағзаның өмірлік белсенділігін қалпына келтіруге және оны клиникалық өлім жағдайынан шығаруға бағытталған шұғыл шаралар кешені. Бұл кешенді есте сақтау үшін шетелдік әріптестеріміз «А+В+С» түрінде жүргізуді ұсынады:
• А (airway) - тыныс жолдарының өтуін қамтамасыз ету. Ол үшін науқастың астыңғы иегін жоғары тартып көтеріп, аузын ашу және басын барынша шалқайту қажет. Немесе мойынды көтеру әдісін де қолдануға болады; науқастың маңдайын бір қолмен басып, екінші қолын мойынның астына қойып оны көтеру керек.
• В (breathing) – тыныс алуды, өкпенің желденуін қамтамасыз ету. Ауруханаға дейінгі жағдайда реанимация жүргізудің ең қарапайым түрі «ауыздан ауызға» жасанды дем беру әдісі.
• С (circulation) – қан айналымын қалпына келтіру, яғни жүректің тікелей емес массажын жасау.
Аталған шаралар дұрыс жасалған жағдайда науқас тыныс алып, жүрек соғуы пайда болады. Бұдар әрі қарай оған кәсіби медициналық көмек көрсетіледі.
Тақырыпты толық қамти отырып, нұсқаушы семинарға қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді және де ЖӨР жүргізудің тәжірибесін қалыптастыру мақсатында олар манекенде жаттықты.
View the embedded image gallery online at:
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1375-dsb-shzh-ftiziopulmonologiya-ortaly-y-kmk-da-2023-zhyldy-13-a-tarynda-zhansa-tau-b-limini-d-rigeri-khaly-araly-de-gejdegi-n-s-aushy-erzhigitov-n-rs-ltan-zhomart-ly-mirdi-amtamsyz-etudi-negizgi-bls-ta-yrybynda-saba-tkizdi-seminar-a-10-adam-atysty.html#sigFreeIdc41e3590bf
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1375-dsb-shzh-ftiziopulmonologiya-ortaly-y-kmk-da-2023-zhyldy-13-a-tarynda-zhansa-tau-b-limini-d-rigeri-khaly-araly-de-gejdegi-n-s-aushy-erzhigitov-n-rs-ltan-zhomart-ly-mirdi-amtamsyz-etudi-negizgi-bls-ta-yrybynda-saba-tkizdi-seminar-a-10-adam-atysty.html#sigFreeIdc41e3590bf