2022 жылдың 06-10 желтоқсан аралығында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің «Жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ МКҚК оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялар инфекциялық бақылау және медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігі» тақырыбында шеберлік сабағы өтті.
Сабаққа ДСБ Алматы қалалық ШЖК «Фтизиопульмонология орталығынан » қызметкерлер Жанар Иманбекова мен Алимова Гүлнара қатысты.
Шеберлік сабағы :
- Алматы қаласы ДСБ ШЖҚ МКҚК «No7 қалалық клиникалық ауруханасы»;
- Алматы қаласы ДСБ ШЖҚ МКҚК «Орталық қалалық клиникалық аурухана»;
- Алматы қаласы ДСБ ШЖҚ МКҚК «No4 қалалық клиникалық ауруханасы».
- Алматы қаласы ДСБ ШЖҚ МКҚК «Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы»
- ДСБ «Алмалы ауданының алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығы» ШЖҚ МКҚК базаларында өткізілді.
Сабақты : Рамбам ауруханасының жедел жәрдем және қабылдау бөлімінің бас медбикесінің орынбасары (Хайфа, Израиль) Александр Борисович Крамский өткізді.
Денсаулық сақтаумен байланысты инфекциялардың (СБИ) өзектілігі олардың кең таралуымен, пациенттердің, медициналық ұйымдар персоналының денсаулығы мен өміріне жағымсыз салдарларымен, ұлғаюына байланысты медициналық (соның ішінде стационарлық) көмек көрсету құнының өсуімен анықталады, стационарлық емдеу ұзақтығында төсек айналымының төмендеуі, денсаулық сақтау саласының қосымша ресурстарға қажеттілігінің артуына алып келеді.
Денсаулық сақтаумен байланысты инфекциялардың (СБИ) жиі кездесетін түрлері: хирургиялық инфекциялар, тамырларды катетеризациялаумен байланысты қан ағымы инфекциялары, механикалық желдетумен байланысты тыныс алу жолдарының инфекциялары , зәр шығару көпіршіктерімен байланысты несеп шығару жолдарының инфекциялары және т.б.
Денсаулық сақтаумен байланысты инфекциялар (ДСБИ) проблемасы антибиотиктер мен дезинфекциялау құралдарына толық төзімділігі бар қоздырғыштарының «аурухана» штаммдарының қалыптасуымен және кең таралуымен тығыз байланысты, бұл пациенттерді емдеу сапасына және профилактикалық шаралардың тиімділігіне теріс әсер етеді.
Бүгінгі күні медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алудың заманауи жағдайында өзектілігі жаһандық мәсклелердың бірі болып табылады.
Семинарға қатысушылар алған білім мен дағдыларымыз және оқу бағдарламаларын жалғастыру Қазақстандағы медициналық көмек көрсету деңгейін жақсартуға көмектеседі деп үміттенеміз.