Балалардағы туберкулездің алдын алудың маңызды әдістерінің бірі жаңа туған нәрестелерді БЦЖ вакцинасын егу болып табылады. Бұл туралы Алматы қаласы Фтизиопульмонология орталығының директоры Жанар Сапиева ӨКҚ брифингінде атап өтті. "Жыл қорытындысы бойынша БЦЖ вакцинациясымен жаңа туған балалардың 88,3% қамтылды. Алайда балалардың 11,7% - ы вакцинацияланбаған, оның 3,8% - ы жеке сенімі бойынша егуден бас тартқан, ал 7,8% - медицин медициналық қарсы көрсетілімдері болған", - деп хабарлады Жанар Сапиева. Емханалар деңгейінде балаларды вакцинациялау жұмыстары жалғасуда. 2023 жылы емханаларда 920 бала вакцинацияланды, бұл вакцинацияланбаған балалардың жалпы санының 3,8% құрайды. Маманның айтуынша, бүкіл әлемде туберкулез инфекциясының жасырын түрін емдеу жүргізілуде. Алайда, көптеген ата - аналар балалардағы жасырын туберкулез инфекциясын профилактикалық емдеуден бас тартады. Бұл әсіресе туберкулезбен ауыратын және аурудың белсенді түрінің даму қаупі жоғары балаларға қатысты. Профилактикалық емдеу туберкулездің кең таралған және ауыр түрлерінің даму қаупін азайтады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы туберкулезді профилактикалық емдеу ауқымын ең қауіпті популяциялар арасында, соның ішінде күнделікті өмірде туберкулезбен ауыратын адамдармен, АИТВ - инфекциясымен өмір сүретін адамдармен және иммунитеті төмендеген басқа адамдар арасында арттыруды ұсынады.