Жоғары санатты фтизиатр, Алматы қаласы Фтизиопульмонология орталығының Мониторинг және Бақылау тобының жетекшісі
Ауезова Саулеш Нуруллақызы.
Туберкулез – көбінесе өкпені зақымдайтын және туберкулез микобактериясы тудыратын жұқпалы ауру. Инфекция екі түрде болады - белсенді және жасырын.
Белсенді түріде ауру жұқпалы болып табылады, өйткені науқас инфекцияны жөтелу, түшкіру арқылы таратады.
Жасырын түрі белгілері жоқ және жұқпалы емес, бұл туберкулездің клиникалық және ренгенологиялық белгілерінсіз организмде микобактериялардың болуына тұрақты иммундық жауаптың күйі, рекомбинантты туберкулез аллергенімен сынау (бұдан әрі – РТА) оң реакция береді.
Кішкентай балалар, қарт адамдар және ауру (АИТВ-инфекциясы бар)
немесе дәрі-дәрмекпен емдеу салдарынан иммунитеті әлсіреген адамдар (ағзаларды ауыстырып салудан кейін иммуносупрессивті ем алатын емделушілер, диализбен жүретін науқастар, гендік-инженерлік терапия қабылдап жүрген науқастар) туберкулезді жұқтыру қаупі жоғары.
Тәуекел тобындағы балалар мен науқастарда латентті туберкулез инфекциясы (бұдан әрі ЛТИ) дер кезінде анықтау аурудың таралуын болдырмаудың қажетті шарасы болып табылады.
Тәуекел тобында келесі аурулармен науқастар бар:
• Жүйелі қызыл жегі;
• Теңге қотыр;
• Ревматоидты артрит;
• Крон ауруы;
• Шашыраңқы склероз;
• Ошақты алопеция (шаштың тегіс түсуі);
• Органдарды трансплантациялаудан кейінгі науқастар;
• Сәулелі немесе химиотерапия фонында онкологиялық патологиясы бар науқастар.
Есіңізде болсын, туберкулездің айқын спецификалық белгілері
жоқ және суықтың белгілерімен көрінуі мүмкін, ал гормоналды препараттардың фонындағы науқастарда бұл белгілер жойылады.
Гормондық терапия кезінде келесі белгілер пайда болса,
дәрігерге хабарлауды ұмытпаңыз:
• безгек немесе қалтырау;
• Түнгі тершеңдік;
• кеуденің ауыруы;
• 2 аптадан аса жөтелу.
ЛТИ тестілеу келесі тұлғаларға жүргізіледі:
1) АИТВ жұқтырған ересектер мен балалар;
2) туберкулезге шалдығуы қаупі жоғары адамдар:
ісік некрозының факторы тежегіштерімен терапияны бастау;
иммуносупрессивті терапияны қабылдайтындар (глюкокортикоидтар, цитостатиктер және т.б.);
диализ қабылдайтындар;
силикозбен ауыратын науқастар;
қант диабеті, бронх-өкпе жүйесінің спецификалық емес аурулары, дұрыс тамақтанбау (дене салмағының болмауы), мүгедектер бойынша диспансерлік есепте тұрған балалар;
ата-анасы ВИЧ індетін жұқтырған отбасылардың балалары, бас бостандығынан айыру орындарынан, ішімдікке салынғандар, нашақорлар, тұрмыс деңгейі төмен, мигранттар;
БЦЖ вакцинасымен егілмеген балалар.
ЛТИ сынағы үшін мыналар қолданылады: Манту сынамасы, рекомбинантты туберкулезді аллерген (РТА) тест немесе Т-лимфоциттермен интерферон гаммасының бөлінуіне сынау (IGRA сынақтары).
PТА оң нәтиже берген балалар мен ересектер қайтадан туберкулезге тексеріледі. Белсенді туберкулезді жоққа шығарған кезде ЛТИ бар балалар мен ересектерге туберкулез ауруының дамуын болдырмау үшін профилактикалық емдеу ұсынылады.
ЛТИ профилактикалық емі науқас қарым-қатынаста болған туберкулезбен ауыратын науқаста туберкулез микобактериясының сезімталдығын ескере отырып жеке жүргізіледі.
ЛТИ профилактикалық емінің ұзақтығы таңдалған режимге және препараттарға байланысты. ЛТИ профилактикалық емінің негізгі препараттары изониазид, рифампицин, рифапентин, левофлоксацин болып табылады.