Наурыз айының 13 күні Бүкіл әлемдік туберкулезбен күрес күні аясында №20 қалалық емханада Алматы қаласының фтизиопульмонология орталығының дәрігері Кесебаев Тұңғыш және емхананың қызметкерлері: фтизиатр дәрігері Махамбетова Б.З, Баймурзина Т.А., мейірбике Алжанова С.Б. санитарлық-ағарту мақсатында терапевт дәрігерлерге, жалпы тәжірибелік дәрігерлер мен мейірбикелерге, туберкулез және туберкулез ауруының алдын алу жолдары тақырыбында семинар лекция өткізді. Лекция барысында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, маңызды сұрақтарға жауап берілді, № 20 емхана қызметкерлері туберкулезді анықтаудың заманауи тәсілдерімен танысты. Туберкулезді анықтау үшін жүргізілетін қақырық анализінің 2019 жылғы сараптамасы талқыланды. Қатысушылыр саны 25 адам.
https://cf-almaty.kz/ru/news/807-nauryz-ajyny-13-k-ni-b-kil-lemdik-tuberkulezben-k-res-k-ni-ayasynda.html#sigFreeIdfa3122a2ac