Мониторинг ГБ «Алатау» 

 

Бүкіләлемдік туберкулезбен күрес күні аясында 25 ақпан 2020 жылы Алматы қаласы Медеу ауданындағы   «Алатау»  қалалық больницада  Алматы қаласының Фтизиопульмонология орталығының координаторлары Мухаметкәрімқызы Элвира  мен  Қыстаубаева Жанна туберкулезге қарсы шараларды ұйымдастыру мен өткізілген іс-шараларды бағалау мақсатында мониторинг өткізді. Емді тікелей бақылау бөлмесінің жұмысын тексеріп, амбулаториялық ем қабылдап жүрген науқастардың  электрондық «МИС» программасы арқылы жасалып отырған ем-шараларын қадағалады. Туберкулез бойынша индикатордың орындалу барысын талқылады.

 

Жұмыс орнында дәрігерлерді  «Халыққа туберкулез кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 77 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 қаңтардағы № ҚР ДСМ-158 бұйрығы» және Алматы қаласы бойынша белсенді туберкулезбен   ауыратын адамдарды қалпына келтіру емі мен оңалтуды ұйымдастыру туралы   бұйрықтармен таныстырыды.Қатысқан адам саны 14.