ДСБ ШЖҚ КМК ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МЕЙІРБИКЕ ІСІНІҢ ЕРЕЖЕСІ.

ДСБ ШЖҚ КМК ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МЕЙІРБИКЕ ІСІ БОЙЫНША КЕҢЕС.

 

  1. Жалпы ережелер

1.1. Мейірбике ісі жөніндегі кеңес медициналық ұйымдарда Мейірбике ісі мамандарының қызметін жетілдіру, үйлестіру және талдау үшін ұйымдастырылады.

1.2. Кеңес өз жұмысында ҚР қолданыстағы заңнамасын, Денсаулық сақтау министрлігінің, Денсаулық сақтауды басқарудың аумақтық органдарының нормативтік құқықтық актілерін, медициналық ұйымның Жарғысын және осы Ережені басшылыққа алады.

1.3. Кеңес құрамына ең тәжірибелі, білікті орта медицина қызметкерлері, мейірбике ісін ұйымдастырушылар, мекеме басшылығының, білім беру және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді.

1.4. Кеңес медициналық ұйым ұжымының жалпы жиналысында кемінде 5 адам болып сайланады.

1.5. Кеңестің шешімі мен ұсынымдары медициналық ұйымның орта медициналық персоналының қызметін ұйымдастыру жөніндегі ережелерді, бұйрықтарды және басқа нормативтік және әдістемелік құжаттарды дайындау үшін негіз болып табылады.