Алматы қаласындағы фтизиопульмонологиялық орталық туралы ақпарат

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Фтизиопульмонология орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны 2011 жылдың 11 ақпанында пайдалануға берілді.

Осы кезеңде Орталық Алматы қаласындағы туберкулезбен ауыратын науқастарға стационарлық көмек көрсету арқылы бүкіл қала тұрғындарына қызмет көрсетеді және қаланың медициналық ұйымдарға мониторинг және бағалау бөлімі консультативтік-әдістемелік көмек көрсетеді.

Орталықтың екі бөлек ғимараты бар:

  1. Түрксіб ауданы, Дегдар көш., 45-тегі ғимаратта, туберкулезбен ауыратын науқастарға арналған аурухана бар. Сонымен қатар әкімшілік-шаруашылық бөлімі, клиникалық диагностикалық зертхана, функционалдық диагностика бөлімі, сәулелік диагностика бөлімі. Туберкулезді және дәріге төзімді туберкулезді анықтау үшін қосымша диагностикалық әдістер (компьютерлік томография, бронхоскопия) жүргізіледі.

  Ауруханада 2023 жылдың қаңтарынан бастап 103 төсек бар, 5 бөлімшеден тұрады. Бөлімше профильдері:

  • Туберкулездің сезімтал түріне арналған бөлімде 41 төсек;
  • Туберкулездің дәріге төзімді формаларына арналған бөлім - 56 төсек;
  • Реанимация (жан сақтау) бөлімі 6 төсек.
  • Сондай-ақ туберкулезбен қатар короновирус анықталса жұқпалы 3 төсектер арналған (бокста).

Аурухана аумағында бір қабатты ғимараттарда дезинфекциялық камерасы бар кір жуатын орын, оттегі станциясы және 2021 жылдан бастап медициналық қалдықтарды залалсыздандыру станциясы  және де күзет бекеттері орналасқан.

  1. Жетісу ауданы, 2-Гончарная көш. 21а ғимаратта Алматы қаласының орталық бактериологиялық зертханасы орналасқан, бактериологиялық зерттеулер   және генетикалық-молекулалық зерттеулер (экспресс әдістері G-xpert, Hain-test, BAKTEK, BIONER) жүргізіледі. Зертхана  «таза және лас» аймақтарға бөлінген, жуынатын бөлме арқылы қызметкерлер үшін жеке кіреберіс бар.  Патологиялық материал арнайы терезе арқылы енеді. Зертхана жұмыс істеп тұрған желдету жүйесімен жабдықталған.

Ғимаратта және де әкімшілік, Мониторинг және бақылау бөлімі, кадр бөлімі, архив, есеп бөлімі орналасқан.