Қыстаубаева Үржамал Өміртайқызы, 1991 жылы Нүкіс қалалық медициналық училищесін «Мейірбике» мамандығы бойынша бітіргеннен кейін сол жақта ауруханада бірнеше жыл бойы мейірбике болып қызмет атқарған. Кейіннен Қазақстанға қоныс аударып, Тараз қаласындағы Әулие ата университетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша оқуын Сарыағаш ауданы денсаулық сақтау басқармасында заң кеңесшісі қызметімен қатар жалғастырды. 2006-2009 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік сотының сот хатшысы болып қызмет атқарды. 2009 жылы Алматы қаласы ДСБ ШЖҚ «Ауданаралық туберкулезге қарсы диспансері» МКК-ге медициналық статистик болып қабылданып, 2015 жылы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Фтизиопульмонология орталығы» КМК-ның заң кеңесшісі қызметіне ауысты. Жалпы еңбек өтілі 25 жыл 8 ай. Үржамал Өміртайқызында аналитикалық қабілеті, бастамашылық, мақсатқа талпынушылық, коммуникабельділік, креативтілік, талап қоя білу, жаңалықтарға ұмтылу, жауапкершілік, энергиялы, эрудиция қабілеті, өз бетінше шешім қабылдаушылық қасиеттері бар. Осы жұмыс атқарған уақытында өзін жоғары білімді маман ретінде көрсете білді. Үнемі өзінің кәсіби деңгейін арттырады. Орталықтың қоғамдық өміріне белсенді қатысады. Қыстаубаева Үржамал Өміртайқызы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталды. Біз Үржамал Өміртайқызы сияқты мамандарымызды мақтан тұтамыз!