2022 жылғы 21-22 қыркүйекте ДСБ ШЖҚ «Фтизиопульмонология орталығы» МКК мамандары «Плевриті дифференциалды диагностикалау. Туберкулезді диагностикалау мен өз уақытында анықтау. Қақырақ жинау алгоритмі» тақырыбында №7 Қалалық клиникалық ауруханада семинар өткізді. Семинарды дәрігер-фтизиатр Битаева Амина Мұратқызы мен медбике Алимова Гүлнара Жеңісқызы өткізді.
Клиика қаламыздағы ірі емдеу мекемесі болғандықтан, семинар екі күнге созылды. Семинарға 187 адам қатысты. Мамандар қойылған сұрақтарға кеңінен, қанағаттандырарлықтай жауаптар берді.
Семинар соңынан тест түрінде аттестациялау өткізілді.