15 - желтоқсан күні Алматы қаласы ДСБ Фтизиопульмонология орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара өтті. Орталықтың директоры Ж.Ә.Сапиева ұжымды Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, бұл күннің еліміздің әрбір азаматы үшін ерекше қастерлі күн екенін айта отырып, туберкулез бойынша еліміздегі эпидемиологиялық жағдайды жақсарту үшін ұжымның әрбір мүшесі үлес қосып отырғанын атап кетті. Тәуелсіздік күні қарсаңында ерекше қызметімен көзге түскен орталықтың заңгер маманы Қыстаубаева Үржамал Өміртайқызы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталып, елеулі еңбек еткен орталықтың 13 маманына «Алғыс хат» табысталды. Тәуелсіздігіміздің 32 жылдық мерейтойы тұғырлы, баянды болсын! Аспанымыз ашық болып, бейбіт заман болсын! Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы, егемен еліміздің ұрпағының еңсесі биік болып, көк аспанда қасиетті көк туымыз мәңгі желбіресін!