2023 ж. 29 тамызда Фтизиопульмонология отралығы Конституция күніне орай салтанатты жиын өткізді. Жиналысқа «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының басшысының орынбасары Сағындықова Құралай Кенесбайқызы қатысты. Қызметкерлерді Конституция күнімен орталықтың әкішілігі мен «SENIM» кәсіподақ ұйымының өкілдері құттықтады. Дәрігер-реаниматолог Досмағанбетов Бахтиер Жолдасұлы «SENIM» кәсіптік одағынан Республикалық қоғамдық бірлестігінің «ҮЗДІГІ» төс белгісімен марапаталды және Ұлттық медициналық Ассоциациясынан «Алтын дәрігер» төс бергісімен марапатталды. Орталықтың «SENIM» кәсіптік одағының атынан 1-ші сыныпқа баратын балалары бар қызметкерлерге қаржылай көмек көрсетілді.

Мереке құрметіне директор Сапиева Ж. атынан орталықтың үздік қызметкерлері Құрмет грамотасымен марапатталды.

Орталықтың №5 бөлімшесінің қызметкерлері Конституция күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырды.

Жыл сайын қазақстандықтар 30 тамызда Конституция күнін атап өтеді. Биыл еліміздің Ата заңына 28 жыл толғалы тұр. Тәуелсіздік жылдары Конституцияға алты рет өзгеріс енгізілді: 1998, 2007, 2011, 2017, 2019 және 2022 жылдары.

Ең соңғы рет Ата заңымыз былтыр республикалық референдум қорытындысы бойынша өзгерген еді.

Конституция – әрбір мемлекеттің ең басты заңы. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдум негізінде қабылданды.

Айта кетері, Қазақстанның Ата заңы әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі саналады.

Ең ауқымды өзгерістер 2022 жылы қабылданды.Атап айтқанда, негізгі заңнан тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық мәртебесі алынып тасталды.

Қазақстан суперпрезиденттік басқару формасынан күшті парламенті бар президенттік формаға көшті. Президенттің жақын туыстары саяси мемлекеттік қызметші, квазимемлекеттік сектор субъектісі басшысы лауазымдарын атқару құқығынан айырылды. Парламент депутаттарын сайлау жүйесі де өзгерді.

Елімізде Конституциялық сот құрылды. Өлім жазасына тыйым салынды.

Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар енді халыққа тиесілі.

Қымбатты әріптестер!

Сідерді Ата заңымыз - Конституция күнімен барлықтарыңызды құттықтаймыз! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! Көк туымыз көгімізде желбірей берсін! Ана тіліміздің мәртебесі көтеріле берсін! Денсаулықтарыңыз зор болсын! Отбасыларыңызға үлкен-үлкен бақыт тілейміз, еңбекте шалқар табыстарға жете беріңіздер, жетістіктермен мекемеміз Фтизиопульмонология орталығы әрқашан алдынғы қатардан көрінсін!

Көп ұлтты елімізге бірлік, тыныштық, ашық аспан, береке мен азаматтық жауапкершіліктің көтерілуін, қоғамдық тұрақтылық тілейміз!

Береке бірлігіміз мәңгілік болсын! Орталықтың Әкімшілігі.