15 сәуір 2023 жылы Алматы қаласы ДСБ ШЖҚ «Фтизиопульмонология орталығының» жетекшілері 2023 жылдың 1 тоқсанындағы БМКК ұйымдарындағы туберкулезге қарсы іс-шаралардың көрсеткіштерін орындау барысы бойынша қала емханаларының фтизатрлары мен фтизиопедиатрларымен семинар өткізді.
Семинарды кіріспе сөзбен қалалық штаттан тыс бас фтизиатр Жанар Әділханқызы Сапиева семинарды ашты.
Күн тәртібінде:
1 .2023 жылдың 1 тоқсанында ұйымдарда туберкулезге қарсы іс-шаралар көрсеткіштерінің орындалуын талдау бойынша Мониторинг және бағалау бөлімінің жетекшісі Саулеш Ауезова ;
2.2023 жылдың 1-тоқсанда 17 жасқа дейінгі балалардың туберкулезбен ауыру жағдайларын талдаудағы анықталған ақаулар бойынша штаттан тыс бас фтизиопедиатр Миуагүл Тастайбекова айтып өтті.
Сондай -ақ, индикаторлар мен кемшілікті жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша көрсеткіштердің орындалмау себебі жайлы әр мекеменің фтизиатрлары есеп берді.
2023 жылғы 3 айға ересек контактілерді ATP тестімен қамтудың төмен себебі және жою жоспары тұрғысында № 10 ҚЕ –( 57,1) Б.Ж. Разбекова , №27 ҚЕ(0) Ұ.М.Алтаева түсіндірді.
2023 жылғы 3 айындағы ересек контактілерді профилактикалық емдеудің төмен қамтылу себебі №7 ҚЕ Г.Т. Өтепқалиева (0), 1 тоқсан бойынша туберкулез жұқтырған балалардың ATP тестінің төмен болуының себебі және салдарын жою жоспарлары жайлы ОМЕ -41,4% Б.Ғ.Камзина , №3 ҚЕ -46,4% Г.С.Еркенова және№ 5 ҚКА -46,8% М.А. Жаппарқұлова талдады.
Сонымен қатар,1 тоқсан қорытындысы бойынша бірқатар бактериобөлу жаңа жағдайлармен емдеудің төмен тиімділігінің себебі мен алдын алу жоспарлар бойынша № 5 ҚЕ С.Б.Базарбекова мен № 26 ҚЕ А.Ө. Айжанова баяндады.
Барлық талдаулардан кейін БМКК ұйымдарында дәрігер -фтизиатрлармен ішкі мониторинг жүргізу алгоритмі бойынша Дариға Ахметқалиева таныстырды.
Семинар соңынан қалалық штаттан тыс бас фтизиатр Жанар Әділханқызы Сапиева жасалған істер мен орындалған шараларды қорытындылады.