Жиналғандар төтенше жағдай кезінде басқарушы құрамның іс-әрекеті, халықты эвакуациялау әдістері, төтенше жағдай кезінде жиналатын орындар, ғимарат пен көшедегі қауіпсіз орындар, зардап шеккен тұрғындарды қабылдау пунктері туралы ақпараттандырылды. Қатысушыларға "Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам" жадынамалары таратылды. Тренингтің мәні қарапайым әрі тиімді: бірінші «каскадты» оқуды аяқтаған басшылар мен төтенше жағдайларды жою бойынша жауапты қызметкерлер өз ұжымына ТЖД өкілдері өткізген аталған іс-шарада не білгенін одан әрі қарай түсіндіріп береді, осылайша ақпаратты берудің екінші «каскадын» қалыптастырады. Мұндай іс-шаралар Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларды «Төтенше жағдайлар кезіндегі мінез-құлық ережелерімен халықты хабардар ету» көрсеткіші бойынша жүзеге асырылады.