2022 жылдың наурыз-сәуір айларында Алматы қаласы фтизиопульмонология орталығында (ФО) орта және кіші медициналық қызметкерлерімен Тәуекелдерді (қауіптерді) төмендету жоспары бойынша семинарлар өткізілді. Тақырыптар:
✅Пациенттер қауіпсіздігінің халықаралық мақсаттары.
✅Қауіпсіздік бойынша бағдарламалар (ҚАУІПСІЗДІК КОДТАРЫ)
✅Өрт қауіпсіздігі. Өрт сөндіргішпен өртті сөндіру техникасы. Еңбекті қорғау.
✅Төтенше жағдайлардағы практикалық дайындық.
Тәуекелдердің алдын алу үшін қауіпсіздіктің 6 халықаралық мақсаты қолданылады.
➡️Қауіпсіздік кодтары бойынша (көк код, сары код, қызыл код) рөлдік ойындар әзірленді.
➡️Семинарды ФО төтенше жағдайлар жөніндегі инженер Жүндібаев Ербол мен ішкі аудит жөніндегі менеджер Идрисова Светлана өткізді.
➡️Барлығы 211 қызметкер қатысты және семинардан кейін аттестация өтткізілді.