Қымбатты әріптестер, Сіздерді 1-ші Мамыр Қазақстан халықының бірлігі мерекесімен құтықтаймыз! Бірлік бар жерде - тірлік бар" дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.
Қазақстанның көпұлтты халықтары арасындағы бірлік пен ынтымақтастығы нығая берсін! Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы. Оны көздің қарашығындай сақтауға тырысайық. Береке-брлігіміз арта берсін, әріптестер!
Біздің ұжым 1-ші Мамырда С.Сейфуллин атындағы паркте өткізілген салтанатты жиынға қатысты. Әкімшілік.