2022 жылдың 29 сәуірінде Алматы қ. Фтизиопульмонология орталығының мәжіліс залында 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған салтанатты жиын өтті. Орталық әкімшілігі ұжымды бірлік мерекесімен құттықтады. Аурухана ұжымының ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама қойылды.
Жыл сайын 1 мамырда елімізде Қазақстан халқының Бірлігі күні және де барлық қалаларда кеңінен аталып өтіледі. Алматы қаласында 30 сәуірде Наурызбай ауданында ағаш отырғызу мақсатында «Бірлігіміз жарасқан» акциясы өтеді.
1 мамырдан бастап Алматыда этно-мәдени бірлестіктердің, мектептердің, жоғары оқу орындарының студенттерінің, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, сондай-ақ Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарының қатысуымен бірқатар мерекелік іс-шаралар өткізу жоспарланған. Биылғы жылы түрлі нысандарда 70-тен астам үлкенді-кішілі іс-шаралар өтеді.
Орталық қызметкерлері Түрксіб ауданында 1 мамыр мерекесіне орай С.Сейфуллин атындағы алаңда өтетін мерекелік шараларға қатысады.