06.11.2019ж. сағат 09.00-ден 13.00 - ге дейін Алматы қ. фтизиопульмонология орталығының және Қарағанды қ. облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің, қалалық ЖИТС орталықтарының мамандарының қатысуымен ТБ/АИТВ-ның күрделі жағдайларын талдау бойынша онлайн-кеңес өтті.

Онлайн кеңесте Қарағанды, және Алматы қаласының МСАК және Қарағанды облысының патологоанатом мамандары.

Телемедицинаны ҚР ДСМ фтизиопульмонология Ұлттық ғылыми орталығы және ҚР ДСМ Қазақ Дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығы ғаламдық қор жобасының бағдарламалық іс-шараларын іске асыру жөнінде, сондай-ақ 17.06.2019 ж. ТБ/АИТВ бойынша ТРГ шешімі бойынша ұйымдастырды.

Онлайн-кеңес телемедицина орталықтарында 1) ҒҰОҚ, 2) Қарағанды қ. АФПО (ОТҚД) және 3) Алматы қ. ФО (АТҚД) өткізілді.  

Онлайн-кеңеске Қарағанды қ.және Алматы қ. туберкулезге қарсы ұйымдарынан ТБ/АИТВ-мен екі күрделі жағдай ұсынылды.

Аталған жағдайларға рецензияны С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ фтизиопульмонология кафедрасының м.ғ. д., профессоры А. С Ракишева және медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Professional» дипломнан кейінгі білім беру институты (Алматы) АИТВ-инфекциясы кафедрасының меңгерушісі Жанна Трумова ұсынды.